Бала туғандікі емес, баққандікі
Әкесің жақсы көрмейтін қыз бала жоқ шығар әлімде. Сол сияқты менің қызым да әкесін қатты жақсы көреді. Оларға сыртынан қарап, әке мен баласы деп атаудың өзі қиын. Ең дұрысы қызымның әкесі оның үлкен ағасы сияқты. 6 жасар қызым бар сырын әкесіне айтады. Сыртынан бақылаған анасы маған бұл жайт қызғаныш тудыруы керек сияқты. Бірақ керісінше мен қуаныштымын. Әке деген ол баласының сөзін жерге тыстамайтын адам. Ойнайық десе шаршап тұрса да ойнайды. Төрт аяқтап ат та болады. Аспанда ұшып жүрген ұшақ та болады. Қазір жолдасым қызымның қуыршақтарымен бір дастарқан басында әңгіме дүкен құрып шай ішіп отыр. Әкесі жұмыстан шаршап келсе де екеуі бақытты. Осындай да өз әкем есіме түседі. Өкінішке орай әкемнің менімен бірге асыр салып ойнағаны есімде қалмапты. Тек түнде және таңертең әрбіреуіміздің маңдайымыздан сүйіп, үстімізді жылы көрпемен жауып қымтап кеткені есімде жатталыпты. Әкелік махаббат мен үшін осы. Қызыммен ештеңеге қарамастан балаша ойнап, жүгіріп, бірге мультфильм көріп, күліп, екеуінің басы қосыла қалса үйдің ойранын шығаратын, керек жерде ақылын айтатын, тура жолға бастайтын шынайы әкесі барына қуаныштымын. Қазақ айтса дөп айтады. «Бала туғандікі емес, баққандікі».
Әрі қарай